Өлең: Қадыр Мырза Али (Елу)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Елу)

Дұрыс көрдім
Келуді
Қарсы жүзіп тасқынға.
Ауылы бар елудің
Анау қырдың астында.
Естіп жатам тілегін,
Естіп жатам хабарын.
Бармай-ақ та білемін
Ол ауылда не барын.
Құрдастардай
Қылжақтап
Жасырмаймын жылымды.
Жігіттер бар ол жақта
Қойып кеткен шылымды.
Кемел бастар басқарған
Көрем күзгі парадты.
Ол ауылда достар бар
Қойып кеткен арақты.
Шыққанменен асқарға,
Қай көңілден қыз қалған!
Ол ауылда достар бар
Жас әйелін қызғанған.
Сол елуден таба алар
Сыншы сезім қорығын...
Ол арада аға бар
Қимай жүрген орынын.
Айлакер мен арамға
Ешқашан да жанаспан.
Біраз адам бар онда
Сый-құрметке таласқан.
Онда және өнімді
Артелі бар еңбектің.
Мүшесі боп сенімді
Сол артельге еңбекпін.
Не болса да
Еселеп
Көрем бәрін кезінде.
Ауылда емес мәселе,
Бар мәселе өзіңде
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Елу өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Елу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]