Өлең: Қадыр Мырза Али (Операция үстінде)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Операция үстінде)

Қалғаны ма ғұмыр бітіп,
Жыр бітіп!
Зембіл-арба алып келді зырғытып.
Кесіп алып тастаймыз деп дертіңді
Хирург пен ассисенттер тұр күтіп.
Ауру, сірә, асқыныпты,
Өршіпті.
Шытпаушы еді,
Қабағын сәл ер шытты.
Новокаин,
Қайшы,
Пышақ,
Ине-жіп,
Менің суық маңдайымды тершітті.
Шыныменен біткені ме жол құны!
Батты жұртқа ажарымның солғыны.
Өмір жайлы ойлаушы едім бұрын да,
Одан бетер көп ойландым сол күні!
Кімсің өзі:
Адамбысың!
Малмысың!!
Қандай-қандай ұмытпастай қалды ісің?!
Осындайда түседі екен есіңе
Елден алған қарғысың мен алғысың.
Ұмытқан жоқ,
Ұмытқан жоқ бақ бірақ.
Ауызыма су тамызды ақ мұрат.
Менің үшін
Ар-ұжданның пышағы
Хирургтық пышағынан қаттырақ!
Туыс мұңды,
Бала мұңды,
Жар мұңды.
Көз алдыма елестетіп әркімді,
Сәл талықсып кетсем керек,
Хирург
Жібек жіппен тігіп жатты қарнымды
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Операция үстінде өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Операция үстінде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]