Өлең: Қадыр Мырза Али (Әрине сен қолдамайсың мұнымды)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Әрине сен қолдамайсың мұнымды)

Әрине, сен қолдамайсың мұнымды,
Әйтсе де мен айтып тынам шынымды:
Өксіп-өксіп,
Өксіп-өксіп жыласаң,
Көздің жасы шаяр еді мұңыңды.
Қытығыңа тиген кезде ғашығың,
Күтіп жүрмей күннің шуақ, ашығын.
Айтып-айтып,
Айтып-айтып, тастасаң,
Су сепкендей басылар ед ашуың.
Мәнсіз тірлік ауру қылар сауыңды,
Мен бұзғалы отырғам жоқ қауымды
Періп-періп,
Періп-періп жіберсең,
Бір төбелес шешер еді дауыңды.
Солай-ау деп,
Ұстарадай жалаңдар
Інілер бар,
Ағалар бар,
Адам бар.
Бірақ, бірақ
Кейін туған пітнә
Ұстамдылық,
Сабырлылық деген бар.
Өтсін дер ем
Өміріңнің гүл айы —
Балалығың
Балалыққа лайық.
Бала кезде тәрбиелеп ер елің,
Жігіттікке бір-ақ секір дер едім.
Өтсін және
Өміріңнің бал айы —
Жігіттігің
Жігіттікке лайық.
Жігіт кезде
Тамырланып терегің,
Бір-ақ сүй де,
Бір-ақ үйлен дер едім!
Өтсін сосын
Өміріңнің дана айы —
Кемел жасың
Кемел жасқа лайық.
Жел ұшырмай жапырағың бірін
Жемісіңнің қызығын көр тіріңде.
Кетпе өмірден —
(Тыңда тату бажаңды) —
Цейтнотқа отырғызбай Ажалды
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Әрине сен қолдамайсың мұнымды өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Әрине сен қолдамайсың мұнымды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]