Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыр ауылы)
Жыр ауылы төре би ғып Абайды,
Махамбетпен ата жауын сабайды.
Сәкенменен толтырады қуысын,
Ілияспен бір жыртығын жамайды.
Дүрілдеген той боп жатыр жерімде,
Әбділдә отыр бір дастарқан төрінде.
Осы арада гәуһарың да, інжу де,
Осы арада күмісің де, зерің де.
Бүгін айтып кешегі сөз жалғасын
Хамит отыр құрып алған малдасын.
Ішпегенсін іші пысып Жұбанның,
Асқар жатыр мүжіп тайдың жамбасын,
Ойға батсаң — уәйым деген бір сүлік,
Бір бүйірде Сырбай жатыр құр сұлық.
Қуандыққа ұрсып қойып Қалижан
Тағы да отыр өз-өзінен қырсығып.
Ештеңе жоқ күрсінетін аһ ұрып,
Елден бүккен жырың болса — мәкүрік.
Ақұштабы ағаларға шай құйып,
Қанипасы отыр қымыз сапырып.
Қуанышты көңілдерді нұр бөлеп,
Бесігінде күлімдейді жыр-бөбек.
Тұрсынханы, Фәризасы, Күләші,
Отау тіккен өз алдына бір бөлек.
Сыңғырлаған сұлу үн ғой керегі,
Еркеш оны моншағындай тереді.
Мен отырып қалжыңдасам қазақша,
Олжас оны орысшалап көреді.
Жүмекені шылым шегіп далада,
Сөз берем деп іздейді оны тамада.
Мұқағали мұңға батып,
Ал Ғафу
«Дариғаны» бір шырқамай қала ма?!
Ақ отауға келген кезде гүл кіріп,
Алды Әділбек бірдеңені бүлдіріп.
Қыз алдында Сағи қыздай сызылып,
Оспанхан жүр жеңгелерін күлдіріп.
Құрбысымен қалжыңдасып Тұманы,
Өтежаны үнсіз іштен тынады...
Той үстіне Тоқаш кіріп келгенде
Бір хрусталь түсіп кетіп сынады.
Болса ақылың, аға жолын кесе өтпе.
Бүгінді ойлап, ертеңіңді есепте.
Қайрат, Сәкен, Дүйсенбек пен Есенбай
Қызымет қып жүгіріп жүр Есетке.
Тау қойнауын баса берсін тас тұман,
Таң атқанша бір тынбайды жастық-ән.
Қазақ жыры желпілдетіп түндікті,
Естіледі алты қырдың астынан
Махамбетпен ата жауын сабайды.
Сәкенменен толтырады қуысын,
Ілияспен бір жыртығын жамайды.
Дүрілдеген той боп жатыр жерімде,
Әбділдә отыр бір дастарқан төрінде.
Осы арада гәуһарың да, інжу де,
Осы арада күмісің де, зерің де.
Бүгін айтып кешегі сөз жалғасын
Хамит отыр құрып алған малдасын.
Ішпегенсін іші пысып Жұбанның,
Асқар жатыр мүжіп тайдың жамбасын,
Ойға батсаң — уәйым деген бір сүлік,
Бір бүйірде Сырбай жатыр құр сұлық.
Қуандыққа ұрсып қойып Қалижан
Тағы да отыр өз-өзінен қырсығып.
Ештеңе жоқ күрсінетін аһ ұрып,
Елден бүккен жырың болса — мәкүрік.
Ақұштабы ағаларға шай құйып,
Қанипасы отыр қымыз сапырып.
Қуанышты көңілдерді нұр бөлеп,
Бесігінде күлімдейді жыр-бөбек.
Тұрсынханы, Фәризасы, Күләші,
Отау тіккен өз алдына бір бөлек.
Сыңғырлаған сұлу үн ғой керегі,
Еркеш оны моншағындай тереді.
Мен отырып қалжыңдасам қазақша,
Олжас оны орысшалап көреді.
Жүмекені шылым шегіп далада,
Сөз берем деп іздейді оны тамада.
Мұқағали мұңға батып,
Ал Ғафу
«Дариғаны» бір шырқамай қала ма?!
Ақ отауға келген кезде гүл кіріп,
Алды Әділбек бірдеңені бүлдіріп.
Қыз алдында Сағи қыздай сызылып,
Оспанхан жүр жеңгелерін күлдіріп.
Құрбысымен қалжыңдасып Тұманы,
Өтежаны үнсіз іштен тынады...
Той үстіне Тоқаш кіріп келгенде
Бір хрусталь түсіп кетіп сынады.
Болса ақылың, аға жолын кесе өтпе.
Бүгінді ойлап, ертеңіңді есепте.
Қайрат, Сәкен, Дүйсенбек пен Есенбай
Қызымет қып жүгіріп жүр Есетке.
Тау қойнауын баса берсін тас тұман,
Таң атқанша бір тынбайды жастық-ән.
Қазақ жыры желпілдетіп түндікті,
Естіледі алты қырдың астынан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: