Өлең: Қадыр Мырза Али (Жалғыз)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жалғыз)

Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.
Жылайтұғын түгі де жоқ зар илеп,
Жеті-сегіз бала керек әр үйге.
Жалғыз жігіт — әскер емес, қол емес,
Жалғыз ағаш — орман емес, әрине!
Көп түкірсе көл болады еңбекте,
Көп шырқаса қалықтайды ән көкте.
Жаяуыңның шаңы шықпас шілдеде,
Жалғыз қаздың үні шықпас, әлбетте!
Жалқы көзбен шолып байтақ алапты,
Жұдырық қып түйгенменен қабақты,
Жалғыз аяқ жүлде алмайды жүгіріп,
Жалғыз қолмен тарта алмайсың садақты!
Жүрегіңді,
Жаныңды ұсын бал қызға.
Жүрегіңе онсыз әжім салғызба.
Көппенен бол,
Жұртпенен бол,
Әйтпесе,
Бәрі батыл,
Бәрі батыр жалғызға!
Жалғыз жатсаң айналады тән мұзға.
Жалғыз болмай,
Сан қыз болсын балдыз да.
Құдайыңның барлығына сенер ем,
Құдай болу мүмкін болса жалғызға!
Кеткен кезде көздерінің еті ісіп,
Қалың елді жеңіп көр сен шекісіп.
Жалғыз мықты бар дегенге сенсем де,
Сенбен оның жүргеніне жетісіп!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Жалғыз өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жалғыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]