Өлең: Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа)

Көремісің күн сүйген шың басынан,
Таңғажайып әлемді тың ашылған?
Көремісің теңіздің құдіретін,
Толқындаған айбынды тұлғасынан?
Құзыңнан да биікке астым міне,
Қалың толқын қауыммен бастым бірге,
Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша,
Ертегідей көрінген жас күнімде.
Толқыныңнан айдында тез есемін, —
Шақырып тұр алдымда келешегім.
Компартия нұсқады — келер күннің
Кең жұртымен қазір де кеңесемін.
Туымыздың өрнегі — еңбек, ерік...
Кеудемізді келеміз кең көтеріп.
Адамзаттың арманы шешек атты
Алтын орман секілді сәулет беріп.
Атом-кеме секілді тіліп өтіп
Біз келеміз мұз тауды дүбірлетіп.
Коммунизм көтерді мұнарасын,
Капиталдың іргесін дірілдетіп.
Жарығымыз пара-пар күн көзімен,
Күн сәуледен нұр алсын күллі езілген, -
Дүниеге жақтық біз бақ жұлдызын,
Жарқыратып Лениннің күмбезінен.
Асуымыз — дауылды, алып құздар
Артымызда — жеңістен алтын із бар.
Коммунизм туында бәріміздің,
Коммунист деп жазылған атымыз бар
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Азатпын сол шаққа өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Азатпын сол шаққа

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]