Өлең: Қалижан Бекқожин (Батыр досыма)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Батыр досыма)

Қанат қаққан ұясынан,
Біздер таудың түлегіміз,
Алтын аспан аясында
Араласқан жүрегіміз.
Сонда көкке талпынғанда,
Қонды бақыт үстімізге,
Күлімдеді күн аспанда,
Нұр сәулесі түсті бізге.
Қуанышпен өтті күндер,
Шаттықпенен шалқыды өмір.
Өткен-кеткен шертілді сыр,
Асқақтаған айтылды әндер.
Сен естідің сонда жырдан,
Елдің өткен батырларын.
Дауысымен жауға ақырған,
Бізді ерлікке шақырғанын.
Естіп соны балқығанда,
Ереуілді шын қағылды.
Ер жігіттер көтерілді,
Қатты қақты ел дабылды.
Сонда сенің жүрегіңді,
Ашу менен кернеді кек.
«Қандай зұлым бақытыма,
Қанды қолын сермеді?»— деп.
Қабағыңнан қар борады,
Төгілді мұз кірпігіңнен.
Сен жөнелдің қас батырдай,
Қатулана жауға кірген.
Көк жасындай күркіреген
Алай-түлей от майданын,—
Кештің де сен, ойран салдың,
Дұшпаныңнан бір таймадың!
Жеңбей шыққан жерің бар ма?
Дұшпаныңмен алысқалы.
Айбатынан жау шошитын
Сен қазақтың арыстаны.
Алабұртқан күндер өтер
Бақыт шағың ертең қайтар.
Сонда сенің ерлігіңнен
Қыз-бозбала ертегі айтар.
Сонда саған тиген атақ
Жыр болар да көп сақталар.
Дүниеге атам қазақ:
Ер туғыздым!— деп мақтанар.
Дүниеге атам қазақ:
Мен батырмын, мен ермін, дер.
Мен де иесі — болған азат,
Жаңа дүние, жаңа елдің, дер!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Батыр досыма өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Батыр досыма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]