Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз)

Қап-қара боп кезінде
Шаш шықпайтын бастар аз.
Тазалықтың өзіндей
Керек бізге шаштараз.
Жабағы боп кетсе бас,
Онымен ол әсте араз.
Үй алдынан өтсе нас,
Шыдамайды шаштараз.
Алады да шашыңды,
Мұртың болса басады,
Шалқайта ұстап басыңды,
Иіс суын шашады.
Әрекетін ақырғы
Айнадан сен қарап ал.
Шашып болып әтірді,
Желпиді ақ орамал.
— Жақсы болсын әмәнда!—
Дейді ол,— Сыртың, ішің де!
Жақсы адамды жаман деп
Ойламасын ешкім де!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Шаштараз өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Шаштараз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]