Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақылды Тоқылдақ)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақылды Тоқылдақ)

— Көк-ек,
Кө-кек,
Кө-кек!— деп,
Күні бойы секектеп,
Өзін өзі кекеткен
Не күтесің Көкектен!
Ақылы оның ауысқан!—
Деді суайт Сауысқан.
— Ұрлықпенен күнелткен,
Төңірегін түңілткен
Сауысқан да құс боп па,
Талтаңдаған қыстақта?!—
Деді Қарға,— От басын
Күзеткеннен сақтасын!
-- Қар-рқ,
Қар-рқ,
Қар-рқ!— деп,
Біз тамаққа қарық деп,
Қи жейтұғын сасықты,
Қоян жүрек жасықты
Құс дейміз бе?
Масқара!—
Деді ашулы Тазқара.
— Көзін сүзіп аспанға,
Жарымай бір жас қанға,
Тазқараңыз өрекпіп,
Өлексені қорек қып,
Өзін құс деп атамақ,
Болмас!— деді Жапалақ.
— Күндіз қалғып, түн ұшып,
Отыр енді құнысып,
Әй, Жапалақ, Жапалақ,
Ертелі-кеш қаталап,
Қаншама жыл төкті қан,
Ұят!— деді Көкқұтан.
— Батпақ кешкен сорайып
Көкқұтанда зор айып:
Бүкіл көлге бүлік сап,
Бақаларды қырып сап,—
Деді Көкек,— Көкқұтан
Өзі қанша төкті қан!..—.
Таусылғандай іс тіптен,
Міне, осылай құс біткен
Бірін бірі жамандап
Жатқанда...
Ісін тәмәмдап,
Еңбек еткен Тоқылдақ
Бәрінен де ақылды-ақ!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Ақылды Тоқылдақ өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Ақылды Тоқылдақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]