Өлең: Қадыр Мырза Али (Одағай)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Одағай)

Мана сен трамвай ішінде
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,
Ұят-ай!
Тентек деп айтпайды ел текке,
Оқымай бардың да мектепке,
Есепті біреуден көшірдің,
«Екіні» дәптерден өшірдің,
Ұят-ай!
Сабақтан қайтарда тағы да
Кірісіп ойынның қамына,
Бұрымын жұлқылап көп қыздың,
Бостан-бос уақытты өткіздің,
Ұят-ай!
Ұятың қайда еді, бәтір-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай,
Геройы боларлық мысқылдың
Қаншама одағай іс қылдың,
Ай-ай-ай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Одағай өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Одағай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]