Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыл маусымдары)

КӨКТЕМ
Көктем келді: құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді: су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді: гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Көктем келді: көл үсті
Көңілді де келісті.
Көктем келді: іс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.

ЖАЗ
Жаз да келді пейілді:
Жан-жануар сейілді.
Жаз да келді: аптапта
Жан-жаққа ұшты бақ-бақта.
Жаз да келді найқалып:
Жатыр егін жайқалып.
Жаз да келді: шаттанып,
Жұмыла іске аттанып,
Тындырып бар жұмысты,
Тоя жедік жемісті.

КҮЗ
Күз де келді, күз келді:
Күдерін жаз үзген-ді.
Күз де келді, күз келді:
Көкте бұлттар жүзді енді.
Күз де келді, күз келді:
Құстар мекен ізденді.
Күз де келді, күз келді:
Қондырмады түзге елді.
Күз де келді, күз келді:
Керек оқу бізге енді.

ҚЫС
Қыс келді, қыс иықтап,
Қалды аюлар ұйықтап.
Қыс келді, қыс мұз-қарлы,
Қыраулы да, ызғарлы.
Қыс келді, қыс боранды:
Қырат көрпе оранды.
Қыс келді, қыс мықты анық,
Қайтсе де біз ықпадық.
Қыс келді, қыс уайым ба?
Қандық біздер ойынға!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Жыл маусымдары стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жыл маусымдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]