Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік)

— Әрі момын, әрі үркек
Балапандар сары үрпек,
Менен босқа саспаңдар,
Қорықпаңдар,
Қашпаңдар!
Иттікті мен сүймеймін,
Әлсіздерге тимеймін!
Келіңіздер, ойналық,
Жаз қызығын тойлалық!
Аф! Аф!— деді Саққұлақ,
Келеді өзі шапқылап.
— Сенсек те біз сөзіңе,
Сене алмаймыз өзіңе!
Сенде айла да, күш те бар,
Тырнақ та бар, тіс те бар.
Төрт аяғың тағы бар,
Маңдайыңның бағы бар!—
Деп екеуі қашады,
Ауыздарын ашады.—
Көп тиіспе сен бізге,
Біздер саған теңбіз бе?!
Өзің мықты күшік пе ең,
Ойна одан да Мысықпен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Қос балапан бір күшік өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қос балапан бір күшік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]