Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)
![Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558853040_559e1299d964c.jpg)
Қанден айтты Төбетке:
— Ұқсамайсың сен итке!
Келген жұртқа үрмейсің,
Бөгде жанды көрмейсің.
Жүрексізсің, қорқақсың,
Ебедейсіз, шорқақсың!—
Төбет айтты Қанденге:
— Бұлай деп сен бәлденбе!
Жағыңды бір жаппайсың,
Бірақ жанды қаппайсың!
Сырыңды жұрт біледі,
Сондықтан да күледі.
Өтпепті ғой өзіңе
Крыловтың сөзі де!
— Ұқсамайсың сен итке!
Келген жұртқа үрмейсің,
Бөгде жанды көрмейсің.
Жүрексізсің, қорқақсың,
Ебедейсіз, шорқақсың!—
Төбет айтты Қанденге:
— Бұлай деп сен бәлденбе!
Жағыңды бір жаппайсың,
Бірақ жанды қаппайсың!
Сырыңды жұрт біледі,
Сондықтан да күледі.
Өтпепті ғой өзіңе
Крыловтың сөзі де!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: