Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет)

Қанден айтты Төбетке:
— Ұқсамайсың сен итке!
Келген жұртқа үрмейсің,
Бөгде жанды көрмейсің.
Жүрексізсің, қорқақсың,
Ебедейсіз, шорқақсың!—
Төбет айтты Қанденге:
— Бұлай деп сен бәлденбе!
Жағыңды бір жаппайсың,
Бірақ жанды қаппайсың!
Сырыңды жұрт біледі,
Сондықтан да күледі.
Өтпепті ғой өзіңе
Крыловтың сөзі де!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Қанден мен Төбет өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қанден мен Төбет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]