Өлең: Қадыр Мырза Али (Етікші)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Етікші)

Көрдің, әлде көрмедің,
Етікші атам бар менің.
Қартпын деп ол айтпайды,
Қол қусырып жатпайды.
Тук-тук, тук-тук,
Қол қусырып жатпайды.
Құрып алып малдасын,
Жалпақ басты балғасын,
Пышағы мен бізін ап,
Отырғаны қызық-ақ.
Тук-тук, тук-тук,
Отырғаны қызық-ақ.
Қоңыр күзде, көктемде,
Қара жаңбыр төккенде
Кетпесін деп сыз өтіп,
Тігеді ол бізге етік.
Тук-тук, тук-тук,
Тігеді ол бізге етік
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Етікші өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Етікші

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]