Өлең: Қадыр Мырза Али (Әупілдек)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Әупілдек)

Ауыр жүкті батпандай
Арқалап бір жатқандай,
Әуп! Әуп!— дейтін кешқұрым
Әупілдектің ешбірін
Көрмегенмін мен бір де,
Болса да бұл өңірде.
Дауысымен айбынды
Жаңғыртатын айдынды.
Сондықтан біз әупілдек
Ойлаушы едік дәу піл деп.
Сөйтсек, өзі құс екен,
Даусы ғана күш екен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Әупілдек өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Әупілдек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]