Өлең: Қадыр Мырза Али (Доңыз бен Сабын)
— Белгілі бір тәртіпке бағын, әке!
Тазалыққа басыңды ій,
Табын, әке!—
Деп Мысықбай
Доңызбай көршісіне
Сыйға тартты қаладан сабын әкеп.
Қоя салып шыңғырған, өкіргенін,
Қоя салып жегенін, кекіргенін,
Доңызбайың сабынның өзін жуды,
Алдыменен кетсін деп көпіргені!
Тазалыққа басыңды ій,
Табын, әке!—
Деп Мысықбай
Доңызбай көршісіне
Сыйға тартты қаладан сабын әкеп.
Қоя салып шыңғырған, өкіргенін,
Қоя салып жегенін, кекіргенін,
Доңызбайың сабынның өзін жуды,
Алдыменен кетсін деп көпіргені!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: