Өлең: Қадыр Мырза Али (Түйеқұс)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Түйеқұс)

Қиын оны көлік деу,
Қом артып, жүк тиемес.
Түйеге жүр еліктеп,
Бірақ та ол түйе емес.

Болса дағы санатта,
Құстың ісін істемес.
Бар құйрық та, қанат та,
Ұшатын да құс емес.

Әрі түйе, әрі құс
Болам деп, бос шатылған:
Ақырында ол байғұс
Түйеқұс деп аталған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Түйеқұс өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Түйеқұс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]