Өлең: Қадыр Мырза Али (Шопан)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шопан)

Тұрмын деп астанада, нән қалада,
Алмаймын таңдана да, паңдана да,
Біз жүрміз автобуста сығылысып,
Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.

Айнала қызыл гүлден кілем төсеп,
Күтесің қонағыңды, келем десе...
Біздердің жайлауымыз — балкон ғана,
Ал саған бүкіл жайлау — өлең төсек.

Белгілі: қыс қиын де, күз қиын де,
Сен емес жатып алар мызғиын деп.
Суды да, ауаны да, мұз-қарды да
Көресің барлығын да қыз күйінде.

Ақындар қайтып алға жылжымасын,
Оқысаң ойсыз елең — қынжыласың.
Алдымен уыз таңды өзің жұтып,
Алдымен жауқазынды сен жұласың.
Шығарып шопан жайлы қызық аңыз,

Қойшы боп кетсек пе деп қызығамыз.
Суы жоқ тастақ сайға жатып алып,
Өзіңнен қалған Күнге қызынамыз.
Сүңгісе көкала үйрек көлшігінде,

О, көңіл, көріп соны көншідің бе?!
Біздерге,
Қалалыққа жетпегенмен,
Бір өзен бүкіл сенің меншігіңде.
Ауыл жоқ қой бағатын өгізбенен,

Астыңда алағызған семіз дөнен.
Бәрі де сенің үшін қызыметте:
Анау бұлт — көшпелі душ сені іздеген.
Алқынып қара тер боп терлегенің —

Ол сенің абыройыңды бермегенің.
Сондықтан бірінші боп сөз аласың,
Сондықтан өзіңдікі төр дегенің.
Жоқ біздің алабөтен бұлдарымыз,

Даланың өнер қуған ұлдарымыз.
Арналған өздеріне ән менен күй —
Біздің де ертелі-кеш тыңдарымыз.
О, достым, өзін қырмен бір санаған,
Сен үшін жазылмаған жыр садаға!
Алыс деп әсем қала өкінбес ем,
Табиғат жақынырақ тұрса маған!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Шопан өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Шопан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]