Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша)

Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе

Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса

Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Тамаша өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Тамаша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]