Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаңтардағы қыр жолы)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаңтардағы қыр жолы)

Титықтаған қойшылар,
Тынған түздің бораны:
Түйдек-түйдек бу шығар
Тұлыбыңа оранып...
Қас батырдан қаһарлы,
Ояздан да озбырлау
Аппақ дала,
Ақ орман,
Аттың үсті боз қырау.
Бұлдырайды, әне, ауыл
Буға ұстаған әйнектей.
Құлагердің танауы
Қайнап кеткен шәйнектей!
Жырақ завод түтіні
Жын-перінің шашындай...
Отырған ел күтініп
Қалмайды енді шашылмай!
Қазіргі үйің соғатын
Қүнан қойын сояды.
Ойқастаған тоқ атың
Оқыранып қояды.
Шолақ тонды,
Күртелі
Әжейлерің бұйығы
Әдеппенен сүртеді
Әжімді көз қиығын.
Көрсет мейлің,
Көрсетпе:
Босағандай бұрауың,
Жібітесің бір сәтке
Сен де кірпік қырауын!
Елдің еңіс-үстірті
Есінде әлі баланың...
Айдашы атты ысқыртып
Ғарышында даланың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Қаңтардағы қыр жолы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қаңтардағы қыр жолы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]