Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)

Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Өмірдің өзі қызық-ақ өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Өмірдің өзі қызық-ақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]