Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)
![Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-05/1558853040_559e1299d964c.jpg)
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.

Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап.

Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап.

Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: