Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұл жерде)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұл жерде)

Құлан да болған бұл жерде,
Бұлан да болған бұл жерде.
Құлан мен бұлан қалмастай
Лаң да болған бұл жерде.

Ауыл да болған бұл жерде,
Қауым да болған бұл жерде.
Ауыл мен қауым қалмастай
Дауыл да болған бұл жерде!

Базарлар болған бұл жерде,
Мазарлар болған бұл жерде.
Халықтың көрген түсіндей
Хазарлар болған бұл жерде!

Ғұндар да көшкен бұл жерде,
Құмдар да көшкен бұл жерде.
Қуанышпенен сыйыспай,
Мұңдар да көшкен бұл жерден.

Тоғайың көшкен бұл жерден,
Ноғайың көшкен бұл жерден.
Ноғайдың орнын сипалап,
Ағайын көшкен бұл жерден.

Шаңдағың көшкен бұл жерден,
Қаңбағың көшкен бұл жерден.
Қаңбақты қуып шаңдатып,
Қалмағың көшкен бұл жерден!

Күмбез де болған бұл жерде,
Мың көз де болған бұл жерде.
Күмбезді мың көз өртеген
Бір кездер болған бұл жерде.

Азабың қалған бұл жерде,
әз әнің қалған бұл жерде.
Азабын қосып әз әнге
Қазағың қалған бұл жерде
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Бұл жерде өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Бұл жерде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]