Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)

Батпақ емес жай ғана
Бұл араның батпағы,
Жүре алмайды тайғанап,
Адам түгіл, ат-тағы!
Айналған ба желінге
Аспан мына, расында?!
Желім деген желім бе
Бұл батпақтың қасында!
Қара бұрым салбырар,
Қара бұлттар қалықтап.
Қонышыңды қалдырар,
Ұлтаныңды алып қап!
Шоферді сәл қолдаңыз,
Шатынамай, жұлынбай.
Ызыңдайды "Волгаңыз"
Балға қонған шыбындай!
Болса мұнда біраз күн,
Батпақты бұл ұғады.
Жымпитыда "КамАЗ-дың"
Жан дауысы шығады.
Көрдіңіздер талайын,
Керегі не көп "мақтап!" ...
Қанша жақсы ағайын
Қалды сонда батпақтап!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Батпақ өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Батпақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]