Өлең: Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)

Тауысып барлық амалды,
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын.
Қалжыңсыз және күлкісіз
Қанша жыл жүрді Алдарым!
Ақтарып көне көріңді,
Аруақтан ұрпақ жерінді...
Алыпқа тұсау салынды,
Халыққа сөгіс берілді.
Көз алдымызда,
Апырм-ай,
Тарихым болды тақырдай.
Сүлмиіп қалды фольклор
Сүзектен тұрған батырдай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Теріс тірлік өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Теріс тірлік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]