Өлең: Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)
Тауысып барлық амалды,
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын.
Қалжыңсыз және күлкісіз
Қанша жыл жүрді Алдарым!
Ақтарып көне көріңді,
Аруақтан ұрпақ жерінді...
Алыпқа тұсау салынды,
Халыққа сөгіс берілді.
Көз алдымызда,
Апырм-ай,
Тарихым болды тақырдай.
Сүлмиіп қалды фольклор
Сүзектен тұрған батырдай!
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын.
Қалжыңсыз және күлкісіз
Қанша жыл жүрді Алдарым!
Ақтарып көне көріңді,
Аруақтан ұрпақ жерінді...
Алыпқа тұсау салынды,
Халыққа сөгіс берілді.
Көз алдымызда,
Апырм-ай,
Тарихым болды тақырдай.
Сүлмиіп қалды фольклор
Сүзектен тұрған батырдай!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: