Өлең: Қасым Аманжолов (Ұқсас ұрандар)

Өлең: Қасым Аманжолов (Ұқсас ұрандар)

Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,
Жорықты күндер керуені
Шаңдатар
Қырды, жондарды —
Жауынгерлік
Жолдарды.
Дайындалып
Жаулар тұр,
Қырғын соғыс
Болар бір.
Жауынгерлік қатарда
Адымдап алға жүре біл.
Ажалға маска көрсетіп,
Газға да
Қарсы тұра біл,
Төндіріп қауып
Буржуй тұр
Қаусатып,
Қуып,
Ұра біл.
Пулеметке
Лента сап,
Қаратып жауға
Құра біл,
Шапқалы тұр
Арсылдап,
Үйрен, жолдас,
Найзаны,
Шабуылға
Карсы шап.
Қашса жау,
Қуып кім жетер?
Алтын құмар жауларды
Қуалай біл,
Атты әскер!
Жаудың аяқ дүбірі
Естіліп тұр
Заводтан,
Үйіріп үйрен
Бол мерген,
Наганнан да оқ атқан.
Иірімде Иіріліп
Батпақта мәңгі
Кім тұрар?
Күшейт совет флотын,
Советтік
Қызыл моряктарі
Қырғын әлі
Біткен жоқ,
Аз тынымдап
Түр ғой ол,
Дайындал
Қамдан,
Қалың топ —
Комсомолка
Комсомол!
Әскермен бірге
Түр соғып,
Республика жүрегі,
Ынтымақтан мықтыны
Таппассың
Іздеп дүниені,
Күшіміз — •
Қызыл Армия:
Даңқы өссін! —
Елдің тілегі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қасым аманжолов Ұқсас ұрандар өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Ұқсас ұрандар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]