Өлең: Қасым Аманжолов (Тоқта жолдас!)

Өлең: Қасым Аманжолов (Тоқта жолдас!)

Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін.
Өткізе алмай
Өміріңнің артығын
Жүрсің бе сен!
Қалай-калай басасың?
Тоқта.
Байқа.
Ойла...
Қателесесің.
Ал кеп қалды
Автобус пен трамвай!
Тоқта, жолдас!
Тәртіп бұзба!
Тұр былай!
Саспа босқа,
Қақтықпа да аптықпа!
Өз-өзіңе ойлайтының
Қастық па?
Heгe сонша
Ентелейсің елеуреп,
Сыбағаңды қоятындай біреу жеп?!
Көше түзу,
Сен де түзу жүрсеңші,
Трамвайға
Жанжалсыз-ақ мінсеңші!
Жыртасың ғой
Жолдасыңның киімін,
Жұлқылама,
Ауырттың ғой иығын.
Байқасаңшы,
Бастайсың да жанжалды,
Жинайсың ғой
Берекесіз «базарды».
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін!
Өткізе алмай өміріңнің
Артығын
Жүрсің бе сен?
Ойла, болса ақылың!
Сақтасаңшы
Өміріңді,
Жарқыным!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қасым аманжолов Тоқта жолдас! өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Тоқта жолдас!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]