Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)

Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)

Қуан, қуан, құлын жүрек,
Күннің нұры тұр елжіреп.
Күнің барда, үйің барда,
Риза бол бұйырғанға.
Қуан, қуан, адал жүрек,
Құлазысаң, қалам жүдеп.
Қуанышың, күлкің барда,
Құралады мүмкін мал да.
Қуан, қуан, құба көңіл,
Бір орында тұра ма өмір?
Өмір барда, ғұмыр барда,
Талпын биік тұғырларға.
Қуан, қуан, құйын көңіл,
Құлпырып тұр биыл да өңір.
Суың барда, наның барда,
Туған елге әніңді арна.
Қуан, қуан, жылқы жүрек,
Жақсылықтың ауқымы көп.
Ауаң барда, дауаң барда
Сәлем жолда адамдарға.
Қуан, қуан, ұлы жүрек,
Желбіреп тұр Туым жібек.
Туым барда, Елім барда,
Бақытым бар менің де алда!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күлаш ахметова Қуан жүрек! өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Қуан жүрек!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]