Өлең: Күләш Ахметова (Нысап)

Өлең: Күләш Ахметова (Нысап)

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналамның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын.
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім — шырақ, санам — cay, ғалам — ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
Елім — азат, мен — азат, ұлым — азат,
Азаттықтың жетпейді құнына зат.
Қанағатта ғаламат қуаныш бар,
Нысапсыздық Алланың құлына — жат!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күлаш ахметова Нысап өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Нысап

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]