Өлең: Күләш Ахметова (Тал бесік)

Өлең: Күләш Ахметова (Тал бесік)

Қара бұлт қаптаса да аспан, айды,
Түссе де найзағайдай басқа қайғы.
Үдеріп үрейленіп көшкенде де,
Жұртына қазақ бесік тастамайды.
Сондықтан сан көбейген, өсіп халық,
Жау тисе, жан қорғауға машықтанып,
Алтынын көміп кетіп,
Ата-бабам
Көшіпті балалар мен бесікті алып.
Халықтың көбейгенін армандармын,
Өзінше түсінеді жалғанды әркім.
Түлесін тұқымы асыл құлындармен
Даласы тұлпарлардың, тарландардың,
Ойланам жылды жылдар асықтырса,
Ғанибет — халық басы өсіп тұрса!
Қазақтың ертеңінен үміті зор —
Үйінде тербетілген бесік тұрса
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күлаш ахметова Тал бесік өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Тал бесік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]