Өлең: Күләш Ахметова (V бөлім)
Жасанып жылжығанда заман — көштер,
Жасаған, менің екі баламды ескер.
Жалғанда арманда боп опынбасқа,
Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!
Жалғыз да боп
Жабырқап ем,
Бекіп ем.
Сол күндерді есіме алсам, өкінем.
Екеусіңдер.
Енді жалғыз жүрмеңдер,
Қол ұстасып бірге ойнаңдар,
Өтінем!
Адам жалғыз сөйлемейді оңаша.
Оңашада күле алмайды ол аса.
Екеу болса,
Бірін-бірі күлдірер.
Екеу болса,
Әңгіме айтар қаласа.
Екеу болсаң,
Қызығырақ доп ойнау.
Ал өмір ше, ерте болмас оны ойлау.
Екеу болып ойын ойнау сияқты
Екеу болып өмір сүру оңайлау.
* * *
Ботақандарым!
Кішкентай сүйкімділерім!
Көкірегімді иіскеп,
Бұзыңдар ұйқымды менің.
Ересектерден көңілім қалған кездерде
Сендерге қарап кеудемде күй тынды керім.
Балапандарым!
Бақытым, алданыштарым!
Сендермен биік мендегі ар, намыс... бәрі
Қуаныңдаршы мені шаршатып жүріп,
Сол болар асқақ самғап ұшқаным.
Керегі не үлкеннің парасатының?
Ұғарсыңдар тірлік атты жаңа сатыны.
Ойнаңдар әзір,
Еркелеңдер де,
Біліңдер соның сендерге жарасатынын.
Орманның әнін, алтын күн батқан шақтарын,
Аққуларды — айдынның ақ моншақтарын,
Бар табиғатты үйіме кіргізіңдер,
Сурет салыңдар, кішкентай мақтаншақтарым.
Менің балалығымның айта алмағанын
Айтыңдар маған, табылар, бар таңдағаның.
Сендер мұңаймаңдар,
Ойнаңдар,
Мәз болыңдар,
Жетер менің кей жерде жаутаңдағаным.
Қиын, қызық, аяулы, асыл шағымда
Сендер барда жақындар жасыл сағымдар.
Құлындарым!
Құлдырап жарысыңдар,
Кішкентай үйімді көтеріп асыр салыңдар.
Менің төсімнен уызбен бірге ән емгенсіңдер,
Жүздеріңнен сол күшті әлем көрсін де.
Менің бақыттылығымды дәлелдеу керек болса,
Күндерім, сендер ғана дәлелдерсіңдер.
Мен күйген отқа сендер күймегенсіңдер,
Сондықтан маған қуат пен күй берерсіңдер.
Шектемейін, ұрысып, ақыл айтып,
Өмірдің өзі — мектеп,
Үйренерсіңдер.
* * *
Ойнай ғой,
Ойна, көкем,
Ойналғанша,
Өмірдің тауқыметін ойланғанша.
Ойыннан жыласаң да ештеңе етпес,
Құптаман ойландырып қойғанды онша.
Топ бала ойнап жүрсе,
Ең ішінде,
Сен болсаң, сол — қызығым, жеңісім де.
Ойнай ғой,
"Көп ойыншық әкелуге
Апасы базар кеткен" мен үшін де.
Топ бала ойнап жүрсе,
Ең ішінде,
Сен болсаң, сол — қызығым, жеңісім де.
Ойнай ғой,
Ойнай алмай жолға қарап
Апасын ұзақ күткен мен үшін де.
* * *
Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным, сені.
Жылы демің жүзіме білінсе еді,
Ертегі айтып көздерім ілінсе еді.
Бөгде дыбыс бұзбасын ертегіңді,
Ерке шуақ оятсын, күнім, сені.
Жүрегінен оянып сезім селі,
Мамаң сені ұйықтатып көз ілсе еді.
Қорқынышты үн жетпесін құлағыңа,
Құстар үні оятсын, қозым, сені.
Әйтпесе, оятайын өзім сені.
* * *
Мен сені жақсы көрем, қызым, ерен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең.
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.
Білмеймін кімді қайда апарады
Тентектеу теңіз-өмір толқындары...
Ойланам — жұлдыз сөніп қарайса маң.
Өзгерер талай ойың, талай санаң.
Өмірдің ертегідей еместігін
Ескертіп қойсам екен қалай саған?
Кейде адам не болғанын сезбес демде,
Болмаса дайындығы төзбес пенде.
Сен жасып қалмау үшін, не етсем екен,
Тосын бір қиындықтар кездескенде.
Жақсы-ақ қой бар ойына жете алса адам,
Жаныма жақын жанды өте аңсағам.
Даңққа да дауылға дайын бол деп,
Қалайша айтып қойсам екен саған?
Қыс қайтты, таң нұрымен дала көктер.
Ұшуда әлдеқайда самолеттер...
Сен менің бауырыма тығыласың,
Сияқты мамығы ұлпа бала кептер.
Бақыт қой саған ұзақ қарай алсам,
Сезімнің сәулесіне орай алсам.
Ұйықтай ғой, оянарсың Күн шыққанда
Не Күннің өзі-ақ шығар, сен оянсаң.
* * *
Өсіп келе жатырсың, келбетті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Биігіне шығарсың
ата-анаңның
беделімен емес, тек еңбекпенен.
Үмітпенен қарайды ұлына әркім,
Өз басына түскенше ұғынар кім?
Ұлым! Мен де білдірем тілегімді,
Еңбегіне елікте ұлылардың!
Болмасаң да сірә ақын, сірә ғалым,
Тынбай аққан тыңдашы бұлақ әнін.
Өмір жолын оқышы байыппенен
Әл-Фараби сияқты ғұламаның.
Ұлы ойшылдар, мықтылар әлемде өткен
Мақсатына жетсе де әрең жеткен.
Адамзатқа лайық жеңіс, табыс,
Айналайын, келеді бәрі еңбекпен!
Менің кірбің түспей ме жақсы атыма —
Сенің біреу ісіңе тақса кінә.
Жамандықтан бойыңды аулақ ұста,
Адалдықпен жет, балам, мақсатыңа!
Сәттіліктің ерекше салты мүлде,
Мен отырмын ұйықтамай шам түбінде.
Баяғының адамы, білесің бе,
Жылайды екен бос өткен жарты күнге.
Өсіп келе жатырсың, келбетті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Біздерде жоқ ептілік сенде болмас,
Білім ізден, өмір сүр, еңбекпенен!
* * *
Күтемін қандай да бір жақта жүрсең,
Жақсы ұрпақ бола білсең, мақтаным — сен.
Атаң жоқ
Асауларға құрық салған,
Құлыным, абайлашы атқа мінсең!
Қозымсың алғашқы уыз сүтімді емген,
Өзіңнен қуаныштың құтын көргем.
Жетімдеу жыртық көңіл
дүниеге
Талпынып сен келген соң бүтінделген.
Есіме түсер сол бір қайдағылар,
Әлі де сүт беремін қаймағы бал.
Есейіп келесің ғой, бір ақылым:
Не нәрсе істесең де, ойланып ал!
Жығылсаң, сүрінемін құлыным деп,
Жылыттың құшағымды жылы күн боп.
Сенің де парызың көп мына өмірде,
Ақ сүтімді ақтауың — ұлы міндет!
Перзент деп ана жүрек дүрсілдемей
Тұрған ба?
Айтсам дейді бір сыр көмей.
Мен сенен таудан биік үміт күтем,
Қалқиып көп ішінде жүрсін демей.
Назар сал сақтап келген салтыма бұл,
Жақсымды берсем дедім халқыма кіл.
Ұлсың ғой, жігітсің ғой,
Сол себепті
Ұлы іске жастайыңнан талпына біл!
* * *
Балам!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан сынға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу Ел туралы!
Тасқынның қабаттаса толқындары,
Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы.
Сен ерсің!
Айрылма асыл қасиеттен,
Жаман сөз естімейін сен туралы!
* * *
Көйлек киіп боранда жалаң қабат,
Қазынасын жанымның өлеңге орап...
Қарындасын біреулер төрге өрлетіп,
Жатқан кезде тұрдым-ау төмен қарап.
Ағасына солардың өкпесі не,
Аламын мен әр түрлі сәтті есіме.
Біреулердің қызықтым —
Ақыл беріп,
Қамын жеген қамқоршы әпкесіне.
Бөлегенде думанға көше керім,
Сыздағаны жүрегім неше менің,
Ертіп жүрсе біреулер есейгенше
Аппақ шәлі жамылған шешелерін.
Үйреніп те кетіппін жоққа кілең,
Тастай алмай сыпырып ноқтаны мен,
Көндігіппін жазмышқа, жақындар аз,
Әке кеткен тағдырдың соқпағымен.
Еркелесем мен де деп тұрам кілең.
Міндет қылар кімім бар?
Шыдамды — мен.
Жүрген жолды бір шолып,
Ұлым, қызым,
Сендерге айтып отырған бұл әңгімем.
Сендер барда, жалым бар, қанатым бар,
Айтқан сөзін ананың бала тыңдар.
Көп себеппен төменге көп қарадым,
Сендер мені жоғары қаратыңдар!
* * *
Кіммен келдім бұл күнге, қалай келдім,
Құрметіне бөлену оңай ма елдің?
Жүрегімді тербетіп,
Ой көзімен
Жүріп өткен жолыма қарай бердім.
Қарай бердім, бір жерден арай көрдім,
Теріппін ғой гүлдерін талай белдің.
Қанаттыға ілесіп қалықтаушы ем,
Тұғырына тұрмыстың қалай көндім?
Бала күнім — өмірдің гүлстаны,
Неге менен баянсыз жылыстады?
Бір қолымнан қуаныш жетелесе,
Бір қолымнан жібермей мұң ұстады.
Мұхиттайын бұрқанған ұлы ағыста
Мұңға көнбей, ұмтылдым қуанышқа.
Өмір — ғұмыр жетелеп бір соқпақпен,
Өлең — ғұмыр тартыпты бір алысқа.
Бәріне де солардың шүкір дейін,
Тілектестер барында түтілмейін.
Күле алмаған күндердің жыртықтарын
Күлкісімен баламның бүтіндейін.
* * *
Арасында ауылдас, бауырластың
Талай-талай асуды дауылда астым.
Ауырмасам бір өмір кешермін мен,
Сендер барда, бәлкім, мен ауырмаспын.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Алтын күнді сүюші ем. Бірге ерермін,
Өз жайымды баяндап үлгерермін.
Өлеңімді тыңдайтын елім барда
Бірдеме етіп мен деген күн көрермін.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Баяғы, баяғы сол замандардан
Айнымас бір тілек бар адамдарда.
Анасы бірге болсын балалармен,
Әке деген — әке тек анаң барда,
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Кейде әр түрлі хабардан сескенем де,
Сыбырлаймын отырып кеште өлеңге.
Әр түрлі сыбағасы, тағдыры бар
Осынау әжім-әжім ескі әлемде.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
* * *
Я, Раббым!
Жазира мен Жарқынды жеткере гөр,
Жебей гөр, туса қиын сәттер егер.
Талпынғанда тауаны қайтпайтұғын
Табан тірер таудай нық бақ бере гөр!
Қолдай гөр, қонар болса көркем өнер,
Ел мұңын жоқтар болса ертең егер,
Қорғалақтап тұрмасқа топ алдында
Қолдаушысы көп болар мәртебе бер!
Жасанып жылжығанда заман - көштер,
Жаратқан, менің екі баламды ескер.
Жалғанда арманда боп опынбасқа,
Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!
Әмин!
Жасаған, менің екі баламды ескер.
Жалғанда арманда боп опынбасқа,
Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!
Жалғыз да боп
Жабырқап ем,
Бекіп ем.
Сол күндерді есіме алсам, өкінем.
Екеусіңдер.
Енді жалғыз жүрмеңдер,
Қол ұстасып бірге ойнаңдар,
Өтінем!
Адам жалғыз сөйлемейді оңаша.
Оңашада күле алмайды ол аса.
Екеу болса,
Бірін-бірі күлдірер.
Екеу болса,
Әңгіме айтар қаласа.
Екеу болсаң,
Қызығырақ доп ойнау.
Ал өмір ше, ерте болмас оны ойлау.
Екеу болып ойын ойнау сияқты
Екеу болып өмір сүру оңайлау.
* * *
Ботақандарым!
Кішкентай сүйкімділерім!
Көкірегімді иіскеп,
Бұзыңдар ұйқымды менің.
Ересектерден көңілім қалған кездерде
Сендерге қарап кеудемде күй тынды керім.
Балапандарым!
Бақытым, алданыштарым!
Сендермен биік мендегі ар, намыс... бәрі
Қуаныңдаршы мені шаршатып жүріп,
Сол болар асқақ самғап ұшқаным.
Керегі не үлкеннің парасатының?
Ұғарсыңдар тірлік атты жаңа сатыны.
Ойнаңдар әзір,
Еркелеңдер де,
Біліңдер соның сендерге жарасатынын.
Орманның әнін, алтын күн батқан шақтарын,
Аққуларды — айдынның ақ моншақтарын,
Бар табиғатты үйіме кіргізіңдер,
Сурет салыңдар, кішкентай мақтаншақтарым.
Менің балалығымның айта алмағанын
Айтыңдар маған, табылар, бар таңдағаның.
Сендер мұңаймаңдар,
Ойнаңдар,
Мәз болыңдар,
Жетер менің кей жерде жаутаңдағаным.
Қиын, қызық, аяулы, асыл шағымда
Сендер барда жақындар жасыл сағымдар.
Құлындарым!
Құлдырап жарысыңдар,
Кішкентай үйімді көтеріп асыр салыңдар.
Менің төсімнен уызбен бірге ән емгенсіңдер,
Жүздеріңнен сол күшті әлем көрсін де.
Менің бақыттылығымды дәлелдеу керек болса,
Күндерім, сендер ғана дәлелдерсіңдер.
Мен күйген отқа сендер күймегенсіңдер,
Сондықтан маған қуат пен күй берерсіңдер.
Шектемейін, ұрысып, ақыл айтып,
Өмірдің өзі — мектеп,
Үйренерсіңдер.
* * *
Ойнай ғой,
Ойна, көкем,
Ойналғанша,
Өмірдің тауқыметін ойланғанша.
Ойыннан жыласаң да ештеңе етпес,
Құптаман ойландырып қойғанды онша.
Топ бала ойнап жүрсе,
Ең ішінде,
Сен болсаң, сол — қызығым, жеңісім де.
Ойнай ғой,
"Көп ойыншық әкелуге
Апасы базар кеткен" мен үшін де.
Топ бала ойнап жүрсе,
Ең ішінде,
Сен болсаң, сол — қызығым, жеңісім де.
Ойнай ғой,
Ойнай алмай жолға қарап
Апасын ұзақ күткен мен үшін де.
* * *
Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным, сені.
Жылы демің жүзіме білінсе еді,
Ертегі айтып көздерім ілінсе еді.
Бөгде дыбыс бұзбасын ертегіңді,
Ерке шуақ оятсын, күнім, сені.
Жүрегінен оянып сезім селі,
Мамаң сені ұйықтатып көз ілсе еді.
Қорқынышты үн жетпесін құлағыңа,
Құстар үні оятсын, қозым, сені.
Әйтпесе, оятайын өзім сені.
* * *
Мен сені жақсы көрем, қызым, ерен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең.
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.
Білмеймін кімді қайда апарады
Тентектеу теңіз-өмір толқындары...
Ойланам — жұлдыз сөніп қарайса маң.
Өзгерер талай ойың, талай санаң.
Өмірдің ертегідей еместігін
Ескертіп қойсам екен қалай саған?
Кейде адам не болғанын сезбес демде,
Болмаса дайындығы төзбес пенде.
Сен жасып қалмау үшін, не етсем екен,
Тосын бір қиындықтар кездескенде.
Жақсы-ақ қой бар ойына жете алса адам,
Жаныма жақын жанды өте аңсағам.
Даңққа да дауылға дайын бол деп,
Қалайша айтып қойсам екен саған?
Қыс қайтты, таң нұрымен дала көктер.
Ұшуда әлдеқайда самолеттер...
Сен менің бауырыма тығыласың,
Сияқты мамығы ұлпа бала кептер.
Бақыт қой саған ұзақ қарай алсам,
Сезімнің сәулесіне орай алсам.
Ұйықтай ғой, оянарсың Күн шыққанда
Не Күннің өзі-ақ шығар, сен оянсаң.
* * *
Өсіп келе жатырсың, келбетті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Биігіне шығарсың
ата-анаңның
беделімен емес, тек еңбекпенен.
Үмітпенен қарайды ұлына әркім,
Өз басына түскенше ұғынар кім?
Ұлым! Мен де білдірем тілегімді,
Еңбегіне елікте ұлылардың!
Болмасаң да сірә ақын, сірә ғалым,
Тынбай аққан тыңдашы бұлақ әнін.
Өмір жолын оқышы байыппенен
Әл-Фараби сияқты ғұламаның.
Ұлы ойшылдар, мықтылар әлемде өткен
Мақсатына жетсе де әрең жеткен.
Адамзатқа лайық жеңіс, табыс,
Айналайын, келеді бәрі еңбекпен!
Менің кірбің түспей ме жақсы атыма —
Сенің біреу ісіңе тақса кінә.
Жамандықтан бойыңды аулақ ұста,
Адалдықпен жет, балам, мақсатыңа!
Сәттіліктің ерекше салты мүлде,
Мен отырмын ұйықтамай шам түбінде.
Баяғының адамы, білесің бе,
Жылайды екен бос өткен жарты күнге.
Өсіп келе жатырсың, келбетті өрен,
Көрініп тұр мақсат тау сен беттеген.
Біздерде жоқ ептілік сенде болмас,
Білім ізден, өмір сүр, еңбекпенен!
* * *
Күтемін қандай да бір жақта жүрсең,
Жақсы ұрпақ бола білсең, мақтаным — сен.
Атаң жоқ
Асауларға құрық салған,
Құлыным, абайлашы атқа мінсең!
Қозымсың алғашқы уыз сүтімді емген,
Өзіңнен қуаныштың құтын көргем.
Жетімдеу жыртық көңіл
дүниеге
Талпынып сен келген соң бүтінделген.
Есіме түсер сол бір қайдағылар,
Әлі де сүт беремін қаймағы бал.
Есейіп келесің ғой, бір ақылым:
Не нәрсе істесең де, ойланып ал!
Жығылсаң, сүрінемін құлыным деп,
Жылыттың құшағымды жылы күн боп.
Сенің де парызың көп мына өмірде,
Ақ сүтімді ақтауың — ұлы міндет!
Перзент деп ана жүрек дүрсілдемей
Тұрған ба?
Айтсам дейді бір сыр көмей.
Мен сенен таудан биік үміт күтем,
Қалқиып көп ішінде жүрсін демей.
Назар сал сақтап келген салтыма бұл,
Жақсымды берсем дедім халқыма кіл.
Ұлсың ғой, жігітсің ғой,
Сол себепті
Ұлы іске жастайыңнан талпына біл!
* * *
Балам!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан сынға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу Ел туралы!
Тасқынның қабаттаса толқындары,
Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы.
Сен ерсің!
Айрылма асыл қасиеттен,
Жаман сөз естімейін сен туралы!
* * *
Көйлек киіп боранда жалаң қабат,
Қазынасын жанымның өлеңге орап...
Қарындасын біреулер төрге өрлетіп,
Жатқан кезде тұрдым-ау төмен қарап.
Ағасына солардың өкпесі не,
Аламын мен әр түрлі сәтті есіме.
Біреулердің қызықтым —
Ақыл беріп,
Қамын жеген қамқоршы әпкесіне.
Бөлегенде думанға көше керім,
Сыздағаны жүрегім неше менің,
Ертіп жүрсе біреулер есейгенше
Аппақ шәлі жамылған шешелерін.
Үйреніп те кетіппін жоққа кілең,
Тастай алмай сыпырып ноқтаны мен,
Көндігіппін жазмышқа, жақындар аз,
Әке кеткен тағдырдың соқпағымен.
Еркелесем мен де деп тұрам кілең.
Міндет қылар кімім бар?
Шыдамды — мен.
Жүрген жолды бір шолып,
Ұлым, қызым,
Сендерге айтып отырған бұл әңгімем.
Сендер барда, жалым бар, қанатым бар,
Айтқан сөзін ананың бала тыңдар.
Көп себеппен төменге көп қарадым,
Сендер мені жоғары қаратыңдар!
* * *
Кіммен келдім бұл күнге, қалай келдім,
Құрметіне бөлену оңай ма елдің?
Жүрегімді тербетіп,
Ой көзімен
Жүріп өткен жолыма қарай бердім.
Қарай бердім, бір жерден арай көрдім,
Теріппін ғой гүлдерін талай белдің.
Қанаттыға ілесіп қалықтаушы ем,
Тұғырына тұрмыстың қалай көндім?
Бала күнім — өмірдің гүлстаны,
Неге менен баянсыз жылыстады?
Бір қолымнан қуаныш жетелесе,
Бір қолымнан жібермей мұң ұстады.
Мұхиттайын бұрқанған ұлы ағыста
Мұңға көнбей, ұмтылдым қуанышқа.
Өмір — ғұмыр жетелеп бір соқпақпен,
Өлең — ғұмыр тартыпты бір алысқа.
Бәріне де солардың шүкір дейін,
Тілектестер барында түтілмейін.
Күле алмаған күндердің жыртықтарын
Күлкісімен баламның бүтіндейін.
* * *
Арасында ауылдас, бауырластың
Талай-талай асуды дауылда астым.
Ауырмасам бір өмір кешермін мен,
Сендер барда, бәлкім, мен ауырмаспын.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Алтын күнді сүюші ем. Бірге ерермін,
Өз жайымды баяндап үлгерермін.
Өлеңімді тыңдайтын елім барда
Бірдеме етіп мен деген күн көрермін.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Баяғы, баяғы сол замандардан
Айнымас бір тілек бар адамдарда.
Анасы бірге болсын балалармен,
Әке деген — әке тек анаң барда,
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
Кейде әр түрлі хабардан сескенем де,
Сыбырлаймын отырып кеште өлеңге.
Әр түрлі сыбағасы, тағдыры бар
Осынау әжім-әжім ескі әлемде.
Бақытты болыңдаршы сен екеуің.
* * *
Я, Раббым!
Жазира мен Жарқынды жеткере гөр,
Жебей гөр, туса қиын сәттер егер.
Талпынғанда тауаны қайтпайтұғын
Табан тірер таудай нық бақ бере гөр!
Қолдай гөр, қонар болса көркем өнер,
Ел мұңын жоқтар болса ертең егер,
Қорғалақтап тұрмасқа топ алдында
Қолдаушысы көп болар мәртебе бер!
Жасанып жылжығанда заман - көштер,
Жаратқан, менің екі баламды ескер.
Жалғанда арманда боп опынбасқа,
Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!
Әмин!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: