Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Қалайша іздемейін, жоқтамайын?
Қарасам,
Мұңаяды бақта қайың.
Аппақ қарын төсейді жүрегіме
Ақпан айы —
Өзіңнің кеткен айың.
Сен барда асқақ еді әл-қуатым,
Көңілімнің көгінде Ай туатын.
Мен сияқты іздеумен өтер енді
Сырларым саған ғана айтылатын.
Адамдар, қанаттарым олар менің,
Солар барда кем көңіл толар дедім.
Бақытсызбын демейін,
апа,
бірақ
сен болсаң бақыттырақ болар ма едім?...
Өксікті көмейіме көп тығылған —
Жасырам,
Еркелік те кетті ұғымнан.
Сан рет сағым сынды, апа, менің
Өмірде сенің ғана жоқтығыңнан.
Бәрін сенсіз басымнан өткеремін,
Неткен сұмдық!
Көз жасын төкті өлеңім.
Ақ шанамен ақ қарда кеткен едің,
Содан бері ақпанды жек көремін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күләш ахметова Ақпан айы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Ақпан айы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]