Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаз)

Жаз жайнап, жан-жануар жанаттанған,
Жадырап май айында науаттанған,
Су ағып, жер айналып жанарланған,
Жиһанда біздің таңдай таң атпаған,
Жарқылдап жабырқаусыз жайдары жан,
Жұлқынып жазғы егіске жарақтанған.
Шыңына шыбық шаншып, гүл түлетіп,
Сайлы елім саяхатқа саяттанған,
Қой қоздап, түйе боздап, құлын қунап,
Даланың төлі ойнақтап аяқтанған,
Бұзылмай айдын көлдің ақ қаймағы,
Құс шайқап балапаны қанаттанған.
Безесе кәрі Жамбыл қызыл тілін —
Хош көріп қазақ, қырғыз мадақтаған.
Бәйгеден күнде келген кәрі тарлан,
Бәрін де той, думанның аяқтаған.
Күй боздап домбырадан, өлең қоздап,
Қыз бұлғап орамалын қарап қалған,
Жүз жасап, жүз жаз көрген бұл Жамбылды
Ешбір жаз бүгінгідей қаратпаған.
Жазында Сталиннің жаңа жасап,
Кұлшындық қыран құстай тояттанған.
Жадырап, жаз гүлімен бірге гүлдеп
Тамырым алпыс екі тарап тұрған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Жаз өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Жаз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]