Өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкірт балаларға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Шәкірт балаларға)

Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған»
Майысып сұлу мәуесі
Түрлерің гүлдей жайнаған.
Мектеп боп ынтық — әуесі,
Жасынан білім ойлаған.
Айналам сендей жеткіншек,
Қарасам көзім — тоймаған.
Мәуелі сендер бәйшешек
Өмірдің жазын тойлаған.
Ұялы мен бір бәйтерек
Ортаңда көктеп бойлаған.
Сендерді қоссам жырыма
Саңқылдап үнім сайраған.
Қаздаңдап кірі саусағым
Ішекте бойлап ойнаған.
Мектептен сендер келгенше
Тағы да бір жыр ойланам,
Келген соң айтып бермесем,
Балалар, кінә қой маған!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Шәкірт балаларға өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Шәкірт балаларға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]