Өлең: Жамбыл Жабаев (Алғыс)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Алғыс)

Дос-жараным, өренім,
Сүйінішпен келіпті.
Бәрін билеп денемнің
Бір қуаныш ерітті:

Қарт жыраудың жырына
Ұлы сыйлық беріпті!
Бұл хұрметке, дариға,
Сыя болса дария,

Қағаз болса бәр жапырақ,
Қалам болса әр бұтақ,
Қару тауып берер ме!
Сөз тапсаң да гауһардан,

Күй тартсаң да тайпалған,
Біреуі сай келер ме?
Жырақ жатқан жапанда,
Жырауды қосып қатарға

Өмірімді тіргізген,
Өлеңімді өргізген —
Айтам алғыс, Отаным!
Айтам алғыс, Сталин!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Алғыс өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Алғыс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]