Өлең: Жамбыл Жабаев («Қызыл жұлдызға» құттықтау)
Қайраулы қылыш, найзадан,
Қаһарлы сөзі найзағай,
Талайдан мәлім ол маған:
Тәрбие сөзден талмаған,
Жеңіспен айтып даңқты.
Күреске үндеп халықты,
Жауынгер «Қызыл жұлдызым»
Ерлерге нұсқа танытты.
Еңбегін елге жеткізіп,
Жамбыл да жырын ағытты.
Қолымда көне домбырам,
Сөйлесе, нақыл сөз ұғам:
Білімді мыңды жығады!
Батырдан дұшпан ығады!
Халықпен жаны бір адам,
Қажымай қорғап намысты,
Қалайда жеңіп шығады!
Қаһарлы сөзі найзағай,
Талайдан мәлім ол маған:
Тәрбие сөзден талмаған,
Жеңіспен айтып даңқты.
Күреске үндеп халықты,
Жауынгер «Қызыл жұлдызым»
Ерлерге нұсқа танытты.
Еңбегін елге жеткізіп,
Жамбыл да жырын ағытты.
Қолымда көне домбырам,
Сөйлесе, нақыл сөз ұғам:
Білімді мыңды жығады!
Батырдан дұшпан ығады!
Халықпен жаны бір адам,
Қажымай қорғап намысты,
Қалайда жеңіп шығады!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: