Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздыққа)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сыздыққа)

Сәлем бердім, алдияр,
Орын бердің қасыңнан.
Сен бір қалған көз едің
Кенесары асылдан.
Сыздық атың жайылды
Бұл өңірге жасыңнан;
Айбатыңды көргенде,
Дұшпандарың бас ұрған.
Даңқыңды естіп жүрушем,
Шар-тарапқа шашылған.
Ақ жүзіңді көрген соң
Енді мауқым басылған.
Ауылға жүр қонақ бол,
Атан алып, ат мініп,
Ағайынға беріп қол,
Аттанарсыз Сыдеке.
Ата жолы деген сол!
Арнап келіп алғаның
Алтын жүзік, сар-қасқа ер,
Атаңыздың аруағын
Сыйлайды екен бір тайпы ел.
Екеуінің қалғаны
Он бір жыра деген жер,
Оны да айтты ағайын,
Іштен шықты қайғы-шер.
Атаның не арманы
Іздеп келіп артынан,
Бата қылса сіздей ер!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Сыздыққа өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Сыздыққа

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]