Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақындарға арнау)
Алатаудан, Арқадан
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған
Жақындарым келіпсің.
Ертіс, Еділ, Іле, Сыр
Бас қосқалы келіпсің.
Жүрген жері думан жыр —
Сендер елге көріксің.
Шаршы топта төгілген
Сөздеріңді сағындым.
Көзге жылы көрінген
Өздеріңді сағындым.
Астананың елімен
Бір қуанған кәріңмін.
Алтын орда төрінен
Қолыңды алып көріскен
Сәлемі осы Жамбылдың.
Жата алмадым тыншығып
Сендер келді дегенде.
Бір отырдым, бір шығып
Елең қағып өлеңге,
Мұндай дүбір, жарыста
Кім қызбайды намысқа!
Көтермеші боп келдім, —
Ақындарым қарышта.
Ұлы жыйын үстінде
Сөз сарапқа салынар,
Ой тарапқа шабылар.
Өрен жүйрік өткен жер
Ұзын жол боп қалынар.
Кекеңдеген Торының
Ізі қайдан табылар?
Жүйрік — жүйрік болар ма,
Шаршы төске сермемей?
Қыран — қыран болар ма
Тас қыяға өрлемей?
Жорға — жорға болар ма
Төрт аяғы тайпалмай?
Батыр — батыр болар ма
Қалың жауды қайтармай?
Ақын — ақын болар ма
Арқа қызып, ән салмай, —
Жыйылған көп халайық,
Сөзіне ұйып тамсанбай?
Ақындар көз салыңдар,
Қыйуаны шалыңдар,
Қыйқу салып талайдан
Келе жатқан сарын бар.
Ұзын жолда біз өткен
Өренге көп тәлім бар:
Сүйімбай мен Қатаған
Қара өлеңді матаған,
Атын жаттап балалар
Әлі күнге атаған.
Кеншімбай мен Орымбай
Өлең, сөздің қорындай.
Көрінеді сорабы —
Керуен көшкен жолындай.
Құл, Құлмамбет, Құлыншақ,
Майкөт, Сарбас, Қуандық,
Бұлдырайды туға ұсап
Көңлімізді құмар ғып.
Шөже менен Кемпірбай,
Өлең-жырдың жұртындай!
Біз солардың өрені!
Көк дауылдай боратып
Сөз бастаңдар келелі.
Жырға ылайық елің бар,
Елге лайық ерің бар,
Төрі толған түлікке,
Ұлан-байтақ жерің бар.
Көкорайлы белің бар,
Айдын шалқар көлің бар,
Сабасы мол көп өзен
Өлке толған егін бар.
Жаз өрісің көк жайлау,
Қыс-қонысы — соның бар,
Тау мен далаң сақтаған
Қойны толған кенің бар.
Алтын, күміс, қорғасын,
Мұнай мен мыс, көмір бар,
Осы дәулет тұрғанда,
Неменеден кемің бар?
Осыларды толғайтын
Ақындарым, жөнің бар!
Қыруар завод, қалаң бар.
Гүл жайнаған далаң бар.
Сол даланы жайнатқан
Жұртқа үлгі адам бар.
Жауды қуған жөңкілтіп
Батырларға қараңдар.
Жас арыстан пішінді
Жауға ойран салған бар.
Батырсынды, мүсінді
Мәліктей көп балаң бар.
Қаһарман қып жасаған
Халқымызды заман бар.
Не болғанын бүгінде
Бөбектердің білуге
Бәйіт*9 қылып тараңдар,
Замананың жыршысы
Сендерде не арман бар?
Сол заманның тұлғасы
Лениннің жолдасы,
Қамал бұзған қол басы —
Ұлы Сталин көсемге
Жырларыңды арнаңдар!
Уа, Орымбай, Шашубай,
Сендер өзен басындай.
Ағытыңдар өлеңді!
Жазғытұрғы тасқындай.
Нартай, Кенен, Нұрлыбек,
Маясар, Қуат, Жақсыбай
Өлең-жырды дүрілдет —
Жарқылдатып жасылдай.
Сөздеріңнің күшінен
Жау жүрегі түршіксін,
Жырларыңды естіген
Дос құмардан бір шықсын!
Ақындарым келіпсің.
Тілдерінен бал тамған
Жақындарым келіпсің.
Ертіс, Еділ, Іле, Сыр
Бас қосқалы келіпсің.
Жүрген жері думан жыр —
Сендер елге көріксің.
Шаршы топта төгілген
Сөздеріңді сағындым.
Көзге жылы көрінген
Өздеріңді сағындым.
Астананың елімен
Бір қуанған кәріңмін.
Алтын орда төрінен
Қолыңды алып көріскен
Сәлемі осы Жамбылдың.
Жата алмадым тыншығып
Сендер келді дегенде.
Бір отырдым, бір шығып
Елең қағып өлеңге,
Мұндай дүбір, жарыста
Кім қызбайды намысқа!
Көтермеші боп келдім, —
Ақындарым қарышта.
Ұлы жыйын үстінде
Сөз сарапқа салынар,
Ой тарапқа шабылар.
Өрен жүйрік өткен жер
Ұзын жол боп қалынар.
Кекеңдеген Торының
Ізі қайдан табылар?
Жүйрік — жүйрік болар ма,
Шаршы төске сермемей?
Қыран — қыран болар ма
Тас қыяға өрлемей?
Жорға — жорға болар ма
Төрт аяғы тайпалмай?
Батыр — батыр болар ма
Қалың жауды қайтармай?
Ақын — ақын болар ма
Арқа қызып, ән салмай, —
Жыйылған көп халайық,
Сөзіне ұйып тамсанбай?
Ақындар көз салыңдар,
Қыйуаны шалыңдар,
Қыйқу салып талайдан
Келе жатқан сарын бар.
Ұзын жолда біз өткен
Өренге көп тәлім бар:
Сүйімбай мен Қатаған
Қара өлеңді матаған,
Атын жаттап балалар
Әлі күнге атаған.
Кеншімбай мен Орымбай
Өлең, сөздің қорындай.
Көрінеді сорабы —
Керуен көшкен жолындай.
Құл, Құлмамбет, Құлыншақ,
Майкөт, Сарбас, Қуандық,
Бұлдырайды туға ұсап
Көңлімізді құмар ғып.
Шөже менен Кемпірбай,
Өлең-жырдың жұртындай!
Біз солардың өрені!
Көк дауылдай боратып
Сөз бастаңдар келелі.
Жырға ылайық елің бар,
Елге лайық ерің бар,
Төрі толған түлікке,
Ұлан-байтақ жерің бар.
Көкорайлы белің бар,
Айдын шалқар көлің бар,
Сабасы мол көп өзен
Өлке толған егін бар.
Жаз өрісің көк жайлау,
Қыс-қонысы — соның бар,
Тау мен далаң сақтаған
Қойны толған кенің бар.
Алтын, күміс, қорғасын,
Мұнай мен мыс, көмір бар,
Осы дәулет тұрғанда,
Неменеден кемің бар?
Осыларды толғайтын
Ақындарым, жөнің бар!
Қыруар завод, қалаң бар.
Гүл жайнаған далаң бар.
Сол даланы жайнатқан
Жұртқа үлгі адам бар.
Жауды қуған жөңкілтіп
Батырларға қараңдар.
Жас арыстан пішінді
Жауға ойран салған бар.
Батырсынды, мүсінді
Мәліктей көп балаң бар.
Қаһарман қып жасаған
Халқымызды заман бар.
Не болғанын бүгінде
Бөбектердің білуге
Бәйіт*9 қылып тараңдар,
Замананың жыршысы
Сендерде не арман бар?
Сол заманның тұлғасы
Лениннің жолдасы,
Қамал бұзған қол басы —
Ұлы Сталин көсемге
Жырларыңды арнаңдар!
Уа, Орымбай, Шашубай,
Сендер өзен басындай.
Ағытыңдар өлеңді!
Жазғытұрғы тасқындай.
Нартай, Кенен, Нұрлыбек,
Маясар, Қуат, Жақсыбай
Өлең-жырды дүрілдет —
Жарқылдатып жасылдай.
Сөздеріңнің күшінен
Жау жүрегі түршіксін,
Жырларыңды естіген
Дос құмардан бір шықсын!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: