Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)

Керіліп жатқан кең дала,
Құнарлы қонысы орыстың.
Қанындай қорып сол жерді,
Батырлар, жаумен соғыстың.
Қылауы құсап асылдың
Қыруар елден тоғыстың.
Құрыштан құйған қамалдай,
Бөгедің бермей жол үстін.
Дағдарды дұшпан таба алмай,
Құлпысын құтты қоныстың.
Воронеж болды бейнесі
Мызғымас, берік сол күштің.
Атадан адал туған ұл,
Аянбай жаумен алыстың.
Азат басты қылмай құл,
Арыңды сақтап қалыстың.
Хатерден қорқа білген бе,
Қаһарман ұлы намыстың?
Қаптаған жаудай қаймықпай,
Қасқара тұрып шабыстың.
Дауылға, селге бүлк етпес
Жартасша шыдап қарыстың.
Қайтардың десін жауыздың,
Төске де төніп бар күшін.
Воронеж батыры атандың,
Бас тігіп елдің бағы үшін,
Жеңесің жауды, білемін,
Қуатың күшті бар үстем.
Тоқтамақ, білем, тасқын сел,
Таптамақ емес тау үстін!
Мұқатты жауды біздің ел,
Жеңбегі солай ақ істің!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Воронеж батырларына өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Воронеж батырларына

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]