Өлең: Жамбыл Жабаев (Темір тұлпар мінген қыз)
Қараймын да — қараймын
Қай-қайдағы өмірге:
Еске түсер талай күн
Өткен менің елімде —
Ел басына күн туса
Ер аттанған өлімге;
Көк найзасын қолға алып,
Семсер байлап беліне;
Дабылдарын өңгеріп,
Сауыттарын бөктеріп,
Жауар күндей түнеріп,
Көшкен елдей үдеріп,
Ерлер тартқан жорыққа
Жауын жеңіп келуге,
Ел деп анық еңсесе,
Ерге, тәйір, өлім не!
Солар маған жыр болған,
Көп ой салып көңілге.
Сондай күндер сын болған
Елдегі қыз, келінге!
Мен соларды көп көргем, —
Түн ұйқысын төрт бөлген:
Ер тұлпарын баптаған;
Екі талай күндерде
Ер намысын сатпаған.
Ерте тұрып, кеш жатқан,
Ер орнына түн қатқан,
Кірпік ілмей таңдарда,
Ие болып мал-жанға
Ел сенімін ақтаған.
Не шаруаны колға алса,
Бітпей тыным таппаған.
Ердің қамын ойласа
Ішкен асы батпаған.
Ерге қайрат дем беріп,
Елге медеу бел болып,
Ерден зыят атанған.
Екі айтқызбай мақұл деп,
Елі-жұрты қадірлеп,
Шаужайынан қақпаған..
Екі кісі бас қосса,
Ертегідей аңыз ғып,
Елжіресе мақтаған.
Ел мықты да — ер мықты! —
Екпіні сел қаптаған:
Ерегескен дұшпанды
Ерік бермей таптаған!
Туды тағы сондай күн!
Тағы соны толғаймын:
Заман туды күтпеген —
Оқ пен өрттің тұманы
Дүниені бүркеген.
Ер жорықта, майданда
Талмай қылыш сілтеген.
Ел үшін ер жан қыйған! —
Жыр емес пе бұл терең:
Жаудырса да оқ зеңбірек
Жасқана ма ер жүрек?
Тұмандарда шымқаған
Ерлер көкте шырқаған,
Болат құсын самғатып,
Серік болып бұлтпенен.
Жау үрейік ұшырып,
Көктен жасыл түсіріп
Жау тынысын бітеген.
Отанда не арман бар
Сондай батыр ұл тапқан!
Қайратың жан аңғарар
Қаһармандық тұрпаттан.
Қақырығы қан татып,
Оқты қардай боратып,
Танктерін бұрқантқан.
Тұрсадағы құз қамал,
Тұрсадағы мұнда ажал —
Ердің тауын жоқ шаққан!
Жаудан алып ел кегін,
Жайпап қырып ерлерім,
Күн сарылып, түн қатқан.
Аман болса мұндай ер,
Жеңілер ме туған ел!
Сендерге де бұл бір сын
Елдегі қыз, келіндер!
Күнде көрем ауылда
Темір тұлпар мінген қыз:
Жапан қырды төңкерген,
Жерді егінмен көмкерген;
Елді азыққа тоқ еткен,
Дұшпанға ажал оқ еккен!
Жәрдем берген қауымға.
Сарғаюға салынбай
Оза жүрген басқадан.
Жақсы көріп жанындай
Тракторын баптаған.
Қасқалдақтың қанындай
Қасық майын сақтаған.
Майдан қамы дегенде
Үйдегі асын татпаған.
Болысам деп ерлерге
Титтей дамыл таппаған.
Қараңғы айсыз түндерде,
Серік болып Үркерге,
Шырқап қырды тербеткен;
Есітсе жан ер жеткен! —
Қыз, келіннің өлеңін
Аймақ түгел жаттаған.
Қырда егін құлпырған
Салмақ тартып баста дән!
Қыздарыма болысқан
Үйдегі ана, жас балам.
Жұрт қайраты тоғысқан,
Шал да қарап жатпаған.
Не қыруар көп жұмыс
Қыз, келінім атқарған!
Бейне майдан бұл бір іс—
Кең даланы қаптаған.
Ертең жауды жеңгенде,
Ерлер қайтып келгенде
Екеуіңді құшақтап,
Бәлки, жасы моншақтап:
—Енді дамыл алыңдар!
Еркін өмір, бағың бар!
Құлын-тайдай бірге өсіп,
Қызық дәурен сүр!—десіп,
Сүйер сонда ата, анаң!
Қай-қайдағы өмірге:
Еске түсер талай күн
Өткен менің елімде —
Ел басына күн туса
Ер аттанған өлімге;
Көк найзасын қолға алып,
Семсер байлап беліне;
Дабылдарын өңгеріп,
Сауыттарын бөктеріп,
Жауар күндей түнеріп,
Көшкен елдей үдеріп,
Ерлер тартқан жорыққа
Жауын жеңіп келуге,
Ел деп анық еңсесе,
Ерге, тәйір, өлім не!
Солар маған жыр болған,
Көп ой салып көңілге.
Сондай күндер сын болған
Елдегі қыз, келінге!
Мен соларды көп көргем, —
Түн ұйқысын төрт бөлген:
Ер тұлпарын баптаған;
Екі талай күндерде
Ер намысын сатпаған.
Ерте тұрып, кеш жатқан,
Ер орнына түн қатқан,
Кірпік ілмей таңдарда,
Ие болып мал-жанға
Ел сенімін ақтаған.
Не шаруаны колға алса,
Бітпей тыным таппаған.
Ердің қамын ойласа
Ішкен асы батпаған.
Ерге қайрат дем беріп,
Елге медеу бел болып,
Ерден зыят атанған.
Екі айтқызбай мақұл деп,
Елі-жұрты қадірлеп,
Шаужайынан қақпаған..
Екі кісі бас қосса,
Ертегідей аңыз ғып,
Елжіресе мақтаған.
Ел мықты да — ер мықты! —
Екпіні сел қаптаған:
Ерегескен дұшпанды
Ерік бермей таптаған!
Туды тағы сондай күн!
Тағы соны толғаймын:
Заман туды күтпеген —
Оқ пен өрттің тұманы
Дүниені бүркеген.
Ер жорықта, майданда
Талмай қылыш сілтеген.
Ел үшін ер жан қыйған! —
Жыр емес пе бұл терең:
Жаудырса да оқ зеңбірек
Жасқана ма ер жүрек?
Тұмандарда шымқаған
Ерлер көкте шырқаған,
Болат құсын самғатып,
Серік болып бұлтпенен.
Жау үрейік ұшырып,
Көктен жасыл түсіріп
Жау тынысын бітеген.
Отанда не арман бар
Сондай батыр ұл тапқан!
Қайратың жан аңғарар
Қаһармандық тұрпаттан.
Қақырығы қан татып,
Оқты қардай боратып,
Танктерін бұрқантқан.
Тұрсадағы құз қамал,
Тұрсадағы мұнда ажал —
Ердің тауын жоқ шаққан!
Жаудан алып ел кегін,
Жайпап қырып ерлерім,
Күн сарылып, түн қатқан.
Аман болса мұндай ер,
Жеңілер ме туған ел!
Сендерге де бұл бір сын
Елдегі қыз, келіндер!
Күнде көрем ауылда
Темір тұлпар мінген қыз:
Жапан қырды төңкерген,
Жерді егінмен көмкерген;
Елді азыққа тоқ еткен,
Дұшпанға ажал оқ еккен!
Жәрдем берген қауымға.
Сарғаюға салынбай
Оза жүрген басқадан.
Жақсы көріп жанындай
Тракторын баптаған.
Қасқалдақтың қанындай
Қасық майын сақтаған.
Майдан қамы дегенде
Үйдегі асын татпаған.
Болысам деп ерлерге
Титтей дамыл таппаған.
Қараңғы айсыз түндерде,
Серік болып Үркерге,
Шырқап қырды тербеткен;
Есітсе жан ер жеткен! —
Қыз, келіннің өлеңін
Аймақ түгел жаттаған.
Қырда егін құлпырған
Салмақ тартып баста дән!
Қыздарыма болысқан
Үйдегі ана, жас балам.
Жұрт қайраты тоғысқан,
Шал да қарап жатпаған.
Не қыруар көп жұмыс
Қыз, келінім атқарған!
Бейне майдан бұл бір іс—
Кең даланы қаптаған.
Ертең жауды жеңгенде,
Ерлер қайтып келгенде
Екеуіңді құшақтап,
Бәлки, жасы моншақтап:
—Енді дамыл алыңдар!
Еркін өмір, бағың бар!
Құлын-тайдай бірге өсіп,
Қызық дәурен сүр!—десіп,
Сүйер сонда ата, анаң!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: