Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)

Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім.
Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын,
Қақырап қайран даусым қалды менің.
Шалқыған аспан-көкке қайран әнім,
Шырқасам кіргізетін тойдық сәнін,
«Ә» десем, ауызымнан бытырайды,
Шіркінге не болғанын біле алмадым.
Тәжібай, саған қалай менің мұным?
Аулақта сұрайтұғын бұл бір сырым:
Әнді алған, әр нені алған сұрамастан,
Күнәлі, бәлкім бұған кәрілігім?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Тәжібайға өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Тәжібайға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]