Өлең: Жамбыл Жабаев («Социалистік Қазақстан» тойына)

Өлең: Жамбыл Жабаев («Социалистік Қазақстан» тойына)

Құттықтаймын өлеңмен,
Шыққанда бес мың нөмірің!
Күнде оқимын өзіңді,
Қадап кәрі көзімді.
Балаларым оқыса,
Не жазған деп тыңдаймын,
Әрбір сөзін тыңдасам,
Өсе түсед көңілім!
Сенің жазған сөздерің,
Шындығы біздің өмірдің.
Біздің елде баспасөз —
Асыл құрал алмастай.
Менің сұлу өмірім,
Толқынданған теңіздей ,
Ортасында нұр шашып —
Тұрған алтын жартастай.
Біздің елде баспасөз —
Шындықтың үлкен құралы.
Біздің елде баспасөз —
Ылғи шындық айтады —
Коммунизм ұранын.
Сталиндік баспасөз —
Күрес ашад жаулармен,
Бақытты өмір құрады.
Нөмірің толған бес мыңға
«С. Қ» сенің тойыңда,
Құттықтау сөз сөйлерде,
Өлең түсті ойыма.
Шындығын айтып өмірдің,
Оқушың көп өзіңнің,
Көңілі соқыр жан болса,
Таныт оған өмірді.
Оят сана-сезімін,
Мұнан да әрі көп жаса!
Елімізде шығатын,
Шындықшыл көп газеттің,
Берер батам — бірі бол!
Сөйле шындық сөзімен
Партияның тілі бол!
Сталиннің тілі бол!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев «Социалистік Қазақстан» тойына өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, «Социалистік Қазақстан» тойына

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]