Өлең: Жамбыл Жабаев (Трамвай)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Трамвай)

Күнде, күнде құлпырды
Алатау сенің бауырың,
Трактор мен комбайн
Күрілдеді ауылым.
Сусыз жапа бейнеттен
Арылғанда халығым.
Құлазыған далада
Қаланың құрдым алыбын.
Сталин тұрған Кремль —
Соғып тұрған жүрегім.
Сол жүрек маған жан берген
Сарқырап өмір шүмегін.
Шаттықтың берді шалқарын,
Қуанам күнде, күлемін.
Үздіксіз маған нұр құйып,
Орындалды тілегім.
Ақ домбырам арындап,
Арнадай ағып сарылдап
Жырыңды ағыз халыққа,
Бүгінгі жырың асыл жыр,
Жыр біткеннен басым жыр,
Тыңдаудан құрыш қана ма,
Алматының көрігі,
Адамның жүрек көлігі
Трамвай құрып қалаға,
Ұлым, қызым өмірім,
Заманға құрдас серігім,
Жырдан шашу бола ма!
Трамвайшы балалар,
Атаңнан ақыл ала бар —
Күшейте түс тоғыңды!
Қалаң менен далаңа
Сөнбес жағып шырақты
Ұзайта бер жолыңды.
Болдым тәтті сүйіскен,
Басыңа басым тиіскен
Босатпа бірлік тобыңды!
Мадридте, Шанхайда
Бүлдірген елді айуанға
Тарт деңдер жауыз қолыңды!
Шектен жаулар асқанда,
Аяғын қыя басқанда,
Тоғындай күшті оғыңды,
Тас-талқан ғып уатып,
Сүйегін жардан құлатып,
Дүниеден жоқ қыл көрімді!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Трамвай өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Трамвай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]