Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)

Дүниеде жалғыз күн бар нұры сөнбес,
Оны сөнед дегенге әлем сенбес,
Ақылдың сомдап соққан биік шыңы,
Ленин мен ұлы Сталин соған теңдес.
Еңбекке бере алатын анық баға,
Мұқтажы жоқ, ерікті халық қана,
Ондай ел — бақыт тапқан өз Отаным,
Ер ұлы ел бастаған алып дана.
Тұрған күні қара тау қалқасында,
Халқымның мен жетістім ортасында,
Халық та, мен де жеттім мұратыма,
Нұрымның Сталиндік арқасында.
Айшығы адамзаттың ұлы Ленин,
Еңбек еткен халықтың күні Ленин.
Жүрегімнің төрінде жұлдыз едің,
Мәңгілік тақтым енді сені Ленин.
Қымбат сый, қымбат бахыт шексіз құны,
Өкіметім сыйласа — халқым сыйы.
Шаттық заман арнасы ағып жатқан,
Мен емес мұны таққан — халық жыры
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Қымбатты сый өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Қымбатты сый

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]