Өлең: Жамбыл Жабаев (Шын жүректен)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Шын жүректен)

Көзіңді салшы далама,
Түкті кілем түгіндей:
Тауыма сұлу қарашы
Қыздардың жиған жүгіндей.
Өзеніме қарашы
Ағып жатқан гүрілдей.
Ауылыма қарашы
Қырдың қызыл гүліндей.
Ән, күйімді тыңдашы,
Батырлардың үніндей!
Төбеге шығып отырмын,
Домбыра менің қолымда.
Әдейі шықтық күзетке
Колхоздың малын шолуға;
Түйем жатыр алдымда,
Жайылған жылқым оңымда.
Көптігі шөптей сыңсыған
Қаптаған қойым солымда;
Көлден құрақ суырған,
Желіні сүттен сыздаған,
Сиырым анау шұбырған
Сауғызуға ауылға.
Осынша байлық жеткізген,
Төрт түлікті өргізген,
Өзеннен су іштіріп,
Жайлаудан қызық көргізген,
Сораптап сүт саудырып,
Уыстап май жегізген.
Ботасы боздап егізден,
Қойы қоздап сегізден,
Халқыма дәурен сүргізіп,
Иемін жерге, дегізген!
Қарасам кім деп көз ашып,
Сталин екен шырағым,
Қыздырып бойды өлеңім,
Домбыраны бұрадым.
Колхозымды жиып ап,
Шын жүректен жыр төгіп,
Сөйлеп бір кетті жырауың.
Ынтамен халқым тыңдады,
Күшімді сонда сынадым,
Сталинді жырласам,
Жалықпай тыңдап мың бір түн,
Тағы да, Жәке, тағы деп,
Тоқтатар емес сұрауын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Шын жүректен өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Шын жүректен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]