Өлең: Жамбыл Жабаев (Қызыл әскерге)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қызыл әскерге)

Құрыш күш, жарқылдаған болат семсер
Құралған ауыр күнде қызыләскер,
Жатқанда күн менен түн арпалысып.
Бастаған сені Ленин, Сталин ер.
Ардақты атың шыққан қан майданда,
Атамас атағыңды таңдай бар ма?
Ерік үшін, елің үшін, жерің үшін
Тайсалмай айқастың сен сан майданда.
Советті шаппақ болып келген сұмдар,
Жайқадың, жайын таптың өңшең мұндар.
Сықылды Темірқазық қозғалмас күш,
Ұлы ісің әлемге аян, ақын жырлар!
Жайнаған біздің өмір бейне бір бақ,
Жан-жақтан жалақтаған жау сығалап,
Жасқанбай жасай беред одан елім
Темір қол ел шетінде күзетім сақ.
Алатау бойын әппақ меруерт басқан,
Қазнасы Алтай, Кавказ қойнын ашқан.
Шүйгіген қыран қалқып құздарында
Сен турсың ел күзетіп, тапжылмастан.
Жайқалған, кең даланы егін жапқан,
Маужырап мәуелері нұрға батқан.
Қырымнан қылт еткенде қыран көзін
Сезеді кім болса да, келе жатқан.
Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан,
Ол ісі қанқұмарлық қарғыс атқан.
Малым көп, бақшам жеміс, жер-суым мол,
Бір сүйем тілемейміз жерді жаттан.
Ал егер сұм құзғындар шықса қаптап.
Тимек боп шекараны келсе аттап;
Көтеріп хасиетті туды қолға,
Шығамыз шеру тартып, елді сақтап;
Сен сонда, қызыләскер қайратқа мін!"
Туғызып жау басына қаралы күн.
Қалдырмай сайда санын, құмда ізін,
Талқанда, жер дүниеден жоғалсын сұм?
Сен жауға ұмтылғанда қайраттанып,
Қолына қарт Жамбылың домбыра алып,
Шабады сендерменен бірге ерлерім,
Шалқытып ерлік әнін, майдан жарып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Қызыл әскерге өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Қызыл әскерге

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]