Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)

Өлең: Жамбыл Жабаев (X съезге)

Жіберген елім таңдап ұлы тойға,
Ұлдарым, деп бахыттың қамын ойла.
Алуға Сталиннің алтын заңын —
Одақтас Қазақстан, абыройға.
Бахыттың шам-шырағы жарық таңы,
Нұрымен ұлы Сталин жаңа заңы,
Есейіп Қазақстан одақ болдық,
Келісіп ұлт пен ұлттың ынтымағы.
Өркендеп социалистік шаруам өсіп,
Бақшадай кен қонысқа қондым көшіп,
Өндіріс, колхоз, совхоз бәрі думан,
Күншығыс жаңа отаным — алтын бесік.
Тамаша естігем жоқ мұндай заман,
Масайрап ен жасаған ерікті адам.
Жасарып сендермен бір қол соғады,
Қария көпті көрген Жамбыл бабаң.
Орнықты күншығыстан тіктік орда,
Көтеріп қызыл жалау алып қолға.
Бұл жалау қараңғыға күн боп туар,
Еліне күншығыстың тұрған торда.
Бұдан да Сталиннің нұры жарық,
Жайнасын, масайрасын барлық халық.
Таратып жер жүзіне бахыт тамырын,
Шөлдеген адам ұлы қалсын қанып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев X съезге өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, X съезге

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]