Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан.
Дариядан артық ақылың
Төбең биік «ғарыштан»,
Қартайғанда бір көріп.
Зират етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан.
Жер жүзінің кіндігі, —
Мавзолейдің тасында,
Жер жүзінің шырағы —
Кремльде — қасыңда,
Жолыңды таймай ұстаған,
Бахытқа жұртты нұсқаған,
Артық туған шәкіртің —
Сталин отыр басыңда.
Тауап етіп өзіңе,
Сталиннен жөн сұрап,
Кетуге келген көп халық,
Көріседі осында.
Уа, данышпан сабазым!
Езілгенді теңедің,
Зарыққанды жебедің,
«Жер жүзіне шам-шырақ
Орнатамын!» — деп едің.
Миллиондаған халықтың
Сүйеніші едің, белі едің.
Бұрынғы кезде шеткері
Қалып, санға қосылмай
Жүрген қазақ елі едім.
Мені де сен теңедің,
Ұлы көшке ілесіп,
Алдымда басшы Сталин,
Соңынан еріп жөнедім.
Дәулетке батып белшеден,
Ырысқа қандым, кенелдім.
Заманнан бергі құрсаудың
Сен ағыттық тиегін,
Жер жүзінің кемтары
Сүйеген саған иегін.
Сенен алып нұр сәуле,
Қуатым толып, күш өсіп,
Бекіді менің сүйегім.
Бәрін бірдей құнарттық
Алпыс екі жүйенің,
Адамзаттың асылы
Аруағыңды ардақтап,
Көпті көріп көндіккен —
Ақшыл тартқан басымды
Алдыңа келіп иемін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жамбыл жабаев Ленин мавзолейінде өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Ленин мавзолейінде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]